Атырау, 13 қаңтар 10:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Данияр Ақышевты Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды

2 655 рет қаралды

ҚР Парламентінің Сенаты Елбасының Данияр Ақышевты Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындау туралы ұсынысын мақұлдады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заңның 4-тармақшасы, 44-бабына және 2-тармақшаның 55-бабына сәйкес, Парламент Сенатына Данияр Ақышевты Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындауды ұсынған болатын. Данияр Ақышев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Президент көмекшісі қызметін атқарған. Айта кетейік, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов Мемлекет басшысының шешімімен қызметінен босатылған болатын.


Дереккөз: 24.kz

2 қараша 2015, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.