Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатына Данияр Акишевті Ұлттық банктің төрағасы етіп тағайындауға келісім беру туралы өтініш жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Сенаты жалпы отырыста Ұлттық банктің төрағасын тағайындау мәселесіне келісім беруді талқылады. Қайрат Келімбетов 2013 жылы 1 қазанда Ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдарында Келімбетовтің қызметінен кететіні туралы ақпарат дереккөздеріне сілтеме жасап таралды. Бірақ бұл ақпаратты Ұлттық банк жоққа шығарды. Ақпарат құралдарының кейбірі Ұлттық банктің төрағасы Болат Жәмішев болуы мүмкін деп хабарлады. Кейін Келімбетовтің өзі әлі жұмыс істеп жатқанын айтты.
Дереккөз: tengrinews.kz