Атырау, 28 қараша 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

20 жастағы Көкшетау тұрғыны өзін-өзі өртеген соң ауруханаға жатқызылды

1 983 просмотра

Image 0КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында әйелімен ұрысып қалған 20 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 20 жастағы ер адам өзін пәтердегі жуыну бөлмесінде азаматтық некедегі әйелі және әкесінің көзінше үстіне бензин құйып өртеген. Кейін киімі өртке оранған ол жан ұшырып, далаға жүгіріп шыққан.

Осының салдарынан ол 1 дәрежедегі (97 пайыз) күйікпен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша оның мұндай қадамға баруына әйелімен ұрысып қалғаны себеп болған көрінеді.

Оқиға 1 қараша күні 18:35 шамасында орын алған. Күйік шалған жігіт Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде.

Дереккөз: inform.kz

2 қараша 2015, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.