Атырау, 8 қазан 09:37
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Алматыны қар басты

1 528 просмотра

2 қарашаға қараған түні Алматыда қар жауды, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі. Түнгі үштен бастап қарды тазалауға 390 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері таңғы сағат 08.00-дегі жағдайда қар жамылғысының биіктігінің 7-10 сантиметрге жеткенін хабарлады. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар қалың түскен, таудың етегінде қар жамылғысының биіктігі 25 сантиметрге жеткен.

390 машинаның 112-сі арнайы техника, олар құм шашады. Құм-хлорид төсеу жұмыстары Төле би көшесінің төменгі жағында жүзеге асырылды. Қар жауып жатқан кезеңде 1200 тонна қоспа шашылды. Айта кетейік, арнайы машиналарға көмектесуге 570 жұмысшы тартылды.

Қаланың коммуналдық қызметтері жаяу жүргінші жолдарын тазалап жатыр, оған тазалағышы бар 65 трактор тартылған. 09.00-ден бастап бекітілген территорияларды тазалауға заңды тұлғалғарды тарту бойынша рейдтер ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта таудың етегіндегі аудандардан қарды әкету жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz


2 қараша 2015, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.