АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орта Азия бойынша сапары аясында дүйсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және республиканың басқа да жоғары шенді тұлғаларымен кездеседі.
АСТАНА, 2 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орта Азия бойынша сапары аясында дүйсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және республиканың басқа да жоғары шенді тұлғаларымен кездеседі.
Сапар бағдарламасында Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанға бару жоспарланған.
Бұдан бұрын АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлағандай, республикамызға Керридің сапары алғаш рет болып отыр. Ол Астанаға 1 қарашада кешке келген және Қазақстанның астанасында 3 қарашаға дейін болады.
Мемлекеттік хатшы сапары барысында БАҚ-тың қатысуынсыз президент Назарбаевпен кездесу өткізеді деп күтілуде.
Дереккөз: newskaz.kz