Атырау, 28 қараша 06:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Журналист Голышкин 8 жылға сотталды

1 636 просмотра

Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин сол облыстың әкімі Қанат Бозымбаевтан «аса ірі көлемде ақша бопсалау» ісіне қатысты айыппен 8 жылға сотталып, мүлкі тәркіленетін болды.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл істе Ярослав Голышкинге қоса тағы үш адамды соттады. Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов - 10 жылға, Фархат Алиясов - 3 жыл 6 айға сотталды, ал Нұржан Сүлейменовке қатысты 7 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ярослав Голышкин мамырдың 14-і күні "әкім Бозымбаевтың баласына қатысты әлдебір айыптаулар жазылған видео үшін 500 мың доллар ақша бопсалау" ісі бойынша қамауға алынған. Бұл оқиға басталған кезде Голышкиннің жақтастары «ол облыс әкімі баласының қатысы бар журналистік зерттеу жүргізді» деп мәлімдеген. Облыс әкімінің баласы куәгер ретінде тергелген әу бастағы оқиға – зорлау ісі тараптардың бітімімен жабылған.

Дереккөз: azattyq.org

30 қазан 2015, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.