Атырау, 28 қараша 06:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстан Риода Олимпиадаға 100-ден астам лицензия жеңіп алуды көздеуде

1 771 просмотра

Image 0Спортшылар әзірге 26 лицензияны жеңіп алды, олардың саны Олимпиада басталғанша 100-ден асады деп жоспарлануда.

АСТАНА, 30 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстандық спортшылар Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарына қатысу үшін 100-ден астам лицензия жеңіп алуды жоспарлауда, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков.

«Қазір Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қызу дайындық жүріп жатыр. Спортшылар әзірге 26 лицензияны жеңіп алды. Биылғы жылдың соңына дейін жолдама санын 35-40-қа жеткізу көзделген. Жалпы Рио-де-Жанейрода біздің 100-ден астам спортшымыз елімізді таныстырады деп үміттенеміз», — деді Мұсайбеков орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Жалпы оның айтуынша, ұлт жоспарына сәйкес министрлік 2025 жылға дейінгі денешынықтыру және спорт дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Бүгінгі таңда статистика мәліметі бойынша Қазақстанда халықтың 25%-ы спортпен белсенді шұғылданады.

"Биыл дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталады. Барлығы ауылдық жерлерде 18 кешен тұрғызылды. Бұл балалар мен азаматтарды спортқа тартуға септігін тигізеді", — деді вице-министр.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қазан 2015, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.