Атырау, 28 қараша 06:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Астана полицейлері ҚР-да бүйректі сату туралы алғашқы рет тергеу жүргізіп жатыр

5 237 просмотра

Астаналық полицейлер алғаш рет Қазақстанда адамның дене мүшелерін заңсыз алу және сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

АСТАНА, 30 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА.Астаналық полицейлер алғаш рет Қазақстанда адамның дене мүшелерін заңсыз алу және сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлайды жұмада Астана ІІД баспасөз қызметінен."Алматы облысының тұрғыны 40 жастағы ер адамның арызына сәйкес адамның дене мүшесін заңсыз сату-сатып алу келісімі бойынша астаналық әйелге қатысты сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факті ҚР ҚК 116 бабы (тірі адамның ағзасына қатысты заңсыз келісім жасау) бойынша Сот алдындағы тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді. Тергелетін қылмыстық іс аясында комиссиялық сараптама мен сот-медициналық зерттеулер тағайындалды.

"Қазақстанда аталған бап бойынша тергеу жұмыстары алғаш рет жүргізіліп жатыр. Бұрын мұндай қылмыстық іс қозғалмаған",-деп қорытындылады ІІД-тен.КТК телеарнасының мәліметінше, ер адам бүйрегін қарыздарын өтеу үшін сатқан, алайда сатып алушылар уәде еткен ақшаны бермей, оны алдап кеткен.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қазан 2015, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.