Атырау, 28 қараша 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Білім мекемесі мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

2 672 просмотра

Image 0Көрнекі сурет.Қостанайдағы ерекше қабілетті балаларға арналған «Дарын» оқу орталығы қызметкерлеріне 1 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз жинады деген айып тағылуда.

Қызметкерлер бұл қаражатқа «Вундеркиндландия» атты олимпиада өткіземіз» деп уәде берген. Кейін белгілі болғандай, олимпиада ұйымдастырылмаған. Қайтарылған қаражат та жоқ. Келеңсіз жайт қалалық прокуратура өткізген тексеріс кезінде әшкереленді. Осы оқиға байланысты білім мекемесі мамандарының үстінен «қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, өзгенің мүлкін талан-таражға салды» деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда іс Қостанай қалалық Ішкі істер басқармасына жіберілген. Мәдина Айсенова, қалалық прокуротура бөлімінің аға прокуроры: - Барлығы 2 439 ата-анадан жиналған қаражаттың жалпы көлемі 1 млн 200 мың теңгені құраған. Тексеру барысында жиналған қаржының есеп бөліміндегі кіріс құжаттарында тіркелмегендігі және мекеменің қаржылық есебінде жоқ екендігі анықталды.

Дереккөз/фото: 24.kz

30 қазан 2015, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.