АСТАНА, 30 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Шымкентте ер адам сауда орталығының үшінші қабатының терезесінен секіріп, көз жұмды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.
"Ағымдағы жылдың 29 қазан күні, кешкі сағат 22.00-дер шамасында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне, Шымкент қаласында орналасқан ойын-сауық орталықтарының бірінің үшінші қабатынан ер азаматтың құлап түскені туралы хабарлама түскен",-делінген хабарламада.
Жедел түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері, Атырау қаласының 1973 жылы туылған тұрғыны, ойын-сауық орталығының үшінші қабатынан секіріп кеткенін анықтады. Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"42-жастағы азамат алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде есін жия алмаған күйде қайтыс болды.Мәйітке сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",-деп көрсетілген хабарламада.
Дереккөз: newskaz.kz