Қазақстанда 1 қазандағы жағдай бойынша автокредит бойында қарыз сомасы 403,1 миллиард теңгеден асады, бұл 2015 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 11,6 пайызға көп, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Бірінші кредит бюросы сараптама орталығының зерттеуіне сілтеме жасап.
Зерттеуде осы кезеңде кредит келісімшарттарының саны бойынша оң динамиканың байқалғаны атап өтілді, яғни 10 ай ішінде 31,5 мыңға көбейген.
Сонымен қатар, уақытылы төлемегендердің үлесінің де өсіп жатқаны айтылады. 10 ай ішінде NPL 13,9 миллиард теңгеге өсіп, жалпы қарыз портфелінің 10,3 пайызын құрады.
Орталық мамандарының айтуынша, келісімшарттардың орташа сомасы 1,84 миллион теңгеден 1,77 теңгеге дейін азайған. Бұл арқылы постдевальвациялық кезеңде адамдардың арзан автокөліктерді сатып ала бастауын білдіретін жаңа трендтің байқалғанын анықтауға мүмкіндік туған. Қазақстанда күн сайын автомобиль сатып алуға шамамен 100 кредит беріледі екен.
Дереккөз: tengrinews.kz