Банктердің активтерінің 10 пайызы ислам қаржыландыруында болуы тиіс. Бұл туралы Astana Invest халықаралық инвестициялық форумында Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астанадағы халықаралық қаржы орталығының дамуының маңызды бағыты ислам қаржыландыруы болады. Біздіңше, Астана біздің өңірде ислам қаржыландыруы бойынша көш бастайды. Банк жүйесінің активтерінің 10 пайызы ислам қаржыландыруы саласында болуы керек деген жоспар құрып, мақсат қойып отырмыз", - деді Келімбетов.
Еске салайық, осыған дейін EXPO-2017 инфрақұрылымының базасында Астана халықаралық қаржы орталығын құру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz