Атырау, 28 қараша 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әлемге аты танымал миллиардер Қазақстанға инвестиция құюға ниетті

1 912 просмотра

Бейне Ең алғашқы пікірді Сіз жолдаңыз! www.kursiv.kz Елордада әлемдік бизнес-элитаның қаймақтары бас қосқан Astana Invest форумы жалғасуда. Жиынның модераторы – әлемге аты танымал инвестор әрі миллиардер, бірнеше компанияның негізін қалаған Джим Роджерс.

Миллиардер алғы сөзін Қазақстанға инвестиция салуға ниетті екенін айтып бастады. Астана қаласының көркіне жоғары баға берген инвестор жер-жаһанның барлық бас қалаларын көрдім, бірақ Астанада бар кереметтерді көрген емеспін деп тамсанды. Форум жұмысына ел Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысып, еліміздегі ірі компаниялардың акциялары 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы шеңберінде сатылымға шығарылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстанның бизнеске қолайлы ел екенін дәлелдейтін бірнеше мәліметтер келтірді. Нақтырақ айтқанда, күні кеше ғана Қазақстанның Жаһандық бәсекелестік органының рейтингтік көрсеткішінде 189 мемлекеттің ішінен 41-орынға иелік еткені еліміздегі жағдайлардың жақсарып келе жатқандығын білдіреді. Мұнымен қоса Сағынтаев шетелдік кәсіпкерлерді қазақстандық компаниялардың жекешелендіру науқанына қатысуға шақырды. Естеріңізге салайық, жекешелендіру науқаны аясында «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерінің республикалық және жергілікті деңгейдегі бірқатар компанияның тізімі бекітілген болатын. Astana Invest форумы екі күнге созылады. Ал ертең аты әлемге әйгілі Кьел Нордстрем, Дуглас Ван Ден Берге, Сергей Макаров секілді экономистер шеберлік сағаттарын өткізеді. Айта кететін жайт, бұл форумда кез келген кәсіпкердің өз жобасын инвесторларға ұсынуға немесе миллиардерлерден ақыл-кеңес сұрауға мүмкіндігі бар.

Дереккөз: 24.kz


29 қазан 2015, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.