Атырау, 28 қараша 06:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бас прокуратура: Бектібаев тек аяғын өртемек болған

4 207 просмотра

ҚР бас прокуратурасы 20-жасар Ерлан Бектібаевтың 24 қазанда Тараз қаласында өзін өзі өртеу актісі бойынша істің жүргізілуі жөнінде баспасөз-релиз таратты, деп хабарлайдыToday.kz.

Бүгінгі күнге оқиға орнында Е.А.Бектібаевпен бірге болған барлық адамдар – оның таныстары мен туысқандары анықталып, айғақтар алынды.

Алынған айғақтарға сәйкес олар оқиға орнында қаза тапқанның өз өтініші бойынша болған және жәрдем көрсеткен, оларға Бектібаевтың тек аяғын өртеу ниеті туралы ғана белгілі болған. Акцияға қатысушылар бейне түсірілімге және өртті сөндіруге жауаптылардың рөлдерін алдын ала бөлген.

Баспрокуратура мәліметі бойынша, Сараптама қорытындысы бойынша, ол өзін-өзі өртеу кезінде есірткілік мастық күйде болғанын көрсетті. Бүгінге ағымдағы жылдың 22-қазанында Бектібаев ұсталынып және жеке басын тiнту барысында одан есірткі зат - жалпы салмағы 285,9 гр. гашиш табылғаны анықталды. Медициналық куәландыру кезінде Бектібаевпен есірткіні тұтыну фактісі анықталды.

Осы факті бойынша басталған тергеу шеңберінде Бектібаев өзі шақыртқан адвокаттың қатысуымен одан табылған есірткі затты сақтағаны жөнінде мойындау айғақтарын берген.

Кінәні мойындағанын, сондай-ақ тергеумен ынтымақтастыққа ниет білдіргенін ескере отырып, сол күні, яғни а.ж. 22-қазанында күдікті тергеушіге келу туралы міндеттемемен үйіне жіберілген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұрын Бектібаев прокуратура органдарына полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағыммен жүгінбегенін атап өткен жөн.

Ерлан Бектібаевтің өлгісі келмегендігі, тек аяғына ғана от қоюды ойлағандығын соңғы үш жыл бойы Ерлан үйде тұрған оның туысы Айгүл Исраилова Today.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында растап отыр. Бұл ақпаратты Ерланның айналасындағы адамдардан білген.

Әпкесі Айгүл Исраилова Ерланның тағдыры және де өмірде қандай адам болғандығы жөнінде айтып берді. Сонымен қатар Айгүл Исраилованың айтуынша, қылмыстық қудалау қызметкерлері баланың туыстарына оқиғаға байланысты әділ түрде тексеру жұмыстары жүргізіледі деп уәде еткен.

"Біз независимыймыз, милицияның сөзін сөйлемейміз, деп жатыр (бұл жерде полиция қызметкерлерінен тергеу жұмыстарынан бөлек мәселені әділдікпен қарап шешетіндігі туралы айтқан болар – автордың түсініктемесі)", - деп қылмыстық қудалау қызметкерлерінің сөзін жеткізді Айгүл Исраилова.

Оның айтуынша, анасы жол-көлік оқиғасынан үш жыл бұрын қайтыс болған, кейін әкесі екінші рет әйел алған. Содан кейін Ерлан Шымкенттегі өз отбасынан кетіп, Тараздағы ағасының үйіне келіп тұрған. Бірнеше уақыт өте келе Ерлан анасы жағынан туысқан болып келетін Исраиловтар отбасына келіп, осы уақытқа дейін осы үйде тұрып келген. Туысының баяндауынша, Ерлан колледжде оқып жүрген және де бәрі де жақсы болған.

"Менің мамамды "мама" дейді: "Мама, мен мұнда қала берейін". Сөйтіп, біздің үйде тұрды. Үш жыл почти. Колледжде оқып жүрді. Ерлан – жақсы бала, бір жаманшылығы жоқ. Өзінде жоқ болса да, бәріне көмекке келетін адам. Жүрегі ашық. Бір жаман шетін көрген жоқпыз. Сөйлегені қисық болған жоқ, вообще болған жоқ. "Алтын бала» деп айтсақ, болады", - дейді Ерлан Бектібаевтың туысы.

Әпкесінің айтуынша, қыста, емтихан сессиясынан соң, Ерлан достарымен Алматыға демалуға барған. "Алматыға кетті да бұл бала, ол жерде төбелесіп қалды. Жастар ғой. Сотталды сол жақта. 4 июньде Алматының сот залынан шықты. 6-шы июнь күні үйге келді", - дейді Айгүл Исраилова.

Сол оқиғадан соң, өткен жәйттерді баяндап беру барысында, Ерланның полицияға барып белгіленіп тұрды, үйде отырды, қыдырмады. Ерлан Бектібаев туысының айтуынша, кей кездері қосымша табыс табу үшін жұмыс жасайтын болған, ештемеден тарлық көрмеген.

"Материалдық тапшылық көрген жоқ ол. Иногда грузчик болып жұмыс істеді. А так, көбіне, "условник" болғаннан кейін, ешқайда шықпайды, оны жұмысқа алмайды. Өзіміз бәріміз жұмыс істейміз, киім алып береміз. Бір нәрсе жоқ деп айта алмаймын", - деп бөлісті Бектібаевтың туысы.

Today.kz тілшісінің анықтауы бойынша, Ерлан сабаққа ақпаннан маусымға дейін қатыспауына байланысты академиялық демалыс тағайындалған болатын. Тараз химия-технология колледжі директорының айтуынша, Жас жігіттің келесі жылы емтихандарын тапсырып дипломын алуға мүмкіндік болған, алайда ол мүлдем сабаққа келмеген.

"Мен өзім ол баламен кездесіп екі-үш мәрте сөйлескенмін. Әке-шешесімен байланыс орнатуға тырыстым, алайда әкесі мүлдем жауап қатпады. Ол туралы ешқандай ақпараттан хабарымыз болмады, соның ішінде құқық қорғау органдарынан. Ол сабаққа келмейтін еді", - дейді оқу орнының басшысы.

Естеріңізге салсақ, 24 қазанда Тараздың орталық алаңында 20 жасар Ерлан Бектібаев өзін өртеген болатын. Мұның алдында ол хат қалдырған, онда полицейлердің оған есірткі өздері салып, жалған айып таққан деп жазған. Кейін Бектібаев алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі "Өзін өлтіруге итермелеу" және "Билікті немесе құзыретін асыра пайдалану" баптары бойынша тергеу басталды. Істің тергеуін ҚР Бас прокуратура қадағалауға алды.

Ертеректе, 20 жасар Бектібаев ҚР ҚК 106 және 188-бабының 1-тармақтары бойынша айыпталғандығы және 2015 жылдың 4 маусымында Алматының Алмалы аудандық соты төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырғанын хабарлаған болатынбыз.

Оқиға болған "Нұр Отан" партиясының филиалында Ерлан Бектібаев өзін өзі өртеудің алдында партияға келіп шағым айтпағанын мәлімдеген.

Дереккөз: today.kz

28 қазан 2015, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.