Атырау, 28 қараша 05:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Депутаттар Ерлан Бектібаевтың өзін-өзі өртеу ісін объективті тергеуді сұрады

2 062 просмотра

Мәжіліс депутаттары 20 жастағы Ерлан Бектібаевтың өзін-өзі өртеу ісін объективті тергеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Меруерт Қазбекова "Ақ жол" фракциясы атынан сауал жариялап, оны ҚР Бас прокуроры мен ішкі істер министріне жолдады.

"Жақында ғана Қазақстанда қоғам жас жігіт Ерлан Бектібаевтың Тараз орталығында өзін-өзі өртеу оқиғасына қатты шошыды. Сонымен қатар, журналистердің айтуынша, қаза тапқан жігіттің бұл әрекетіне полиция қызметкерлері тарапынан болған қысым әсер еткен. Біз тергеудің бақылауға алынғанын білеміз. Дегенмен оның мұндай қадамға баруына нақты ненің әсер еткені кадр сыртында қалды, ал оның өзі мұны енді айтып бере алмайды", - деді ол.

"Ақпарат құралдарының мәліметінше, полиция тарапынан болған әділетсіздік осы оқиғаға себеп болды. Осы әрекеті арқылы ол өзіне көрсетілген қысымның заңсыз екенін көрсеткісі келді. Бұл жерде мәселе Ерлан Бектібаевта емес, қарапайым адамның полицейлердің алдындағы қорғансыздығында. Біз құқық қорғау органдарының күрделі әрі ауыр жұмыстар істейтінін білеміз, оны мойындаймыз. Дегенмен еліміздің әрбір азаматы сотты болған немесе болмағанына қарамастан өзінің проблемаларына назар аудартуға және қорғануға құқылы", - деді Қазбекова.

Еске сала кетейік, 20 жастағы жігіт 24 қазанда Тараздың орталық алаңында "Нұр Отан" партиясының филиалының ғимаратына жүгіріп, сағат шамамен 10.30-да өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Алған жарақатынан ер адам қалалық ауруханада көз жұмды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады. Бұдан кейін "Нұр Отан" партиясының өкілдері Тараздағы өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берді.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 қазан 2015, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.