Атырау, 28 қараша 05:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бұқаралық іс-шаралар барысында теріс мінез-құлық танытқандар жауапқа тартылады - ҚР ІІМ

1 813 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұқаралық іс-шаралар барысында теріс мінез-құлық танытқандар жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Құжат спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге байланысты құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталады. Бұл ретте шараларды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құратын болады. Олар шараларды өткізуге тартылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Жеке тұлғалардың мәдениет, дене шынықтыру, спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері айқындалып, олардың шараларға баруы кезіндегі тыйым салулары мен шектеулері кеңейтіледі.

«Осыған байланысты жеке тұлғаларға аталған шаралардағы мінез-құлықтың қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі. Бұдан бөлек, біз бұқаралық шараларды өткізуге қатысты қоғамдық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар желісі бойынша ережелерді бұзғаны үшін ондай шараларды жүзеге асыруға тыйым салатын боламыз», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Еске сала кетейік, жалпы отырыста палата депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Дереккөз: inform.kz

28 қазан 2015, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.