WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, ирландиялық боксшы Энди Ли WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен біріккен жекпе-жек өткізудің мүмкіндіктерін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен оның белбеулерін тартып алғым келеді. Оның белбеулері ұнайды. Әдемі. Титулыңның болғаны жақсы, себебі негізгі позицияда боласың әрі сенімен бәрі санасады. Мен оның белбеуін тартып алғым келеді, бірақ ол да менікіне шүйлігіп жүр. Мен ол үшін жолбарыспын, ол да мен үшін жолбарыс", - деп мәлімдеді Ли.
Сонымен қатар, ол әуесқой бокста қазақстандықтан жұдырықтасып көргенін, бірақ одан кейін өзінің де, Головкиннің де өзгергенін атап өтті. "Өте қиын жекпе-жек болды. Ол әуесқойлар арасында әлем чемпионы болды, мен болсам 18 жастағы жігіт едім, оның қандай боксшы екенін ол кезде кім біліпті. Шын мәнінде жеңілістің ащы дәмін таттым, бірақ қазір жағдай басқа. Жекпе-жек 14 жыл бұрын болған, қазір екеуміз де кемелдендік", - деді ирланд боксшысы. Оның сұхбатын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске салайық, 16 желтоқсанда Энди Ли өзінің титулын қорғап қалу үшін жеңілісті білмейтін 26 жастағы Билли Джо Сондерспен кездесу өткізеді.
Дереккөз: tengrinews.kz