Бұрынғы әйелін өртеді делінген Қанат Сәдуовті 18 жылға бас бостандығынан айыру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандандырылған ауданаралық сотта Светлана Сәдуованың өліміне қатысты іс аяқталуға жақын қалды.
Сотталушы орындығында оның бұрынғы күйеуі - Қанат Сәдуов. Тергеу мәліметінше, биыл 26 мамырда ол Светлана Сәдуоваға бензин құйып, өртеп жіберген. Бірнеше күннен кейін әйел алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
Қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен оның бұрынғы күйеуінеіздеу салынды. Полиция оны мамырдан бастап қыркүйек айына дейін іздестірді. Ол Ақмола облысында тұратын кіші інісінің үйінен табылды.
Сәдуов кінәсін мойындаған жоқ.
Дереккөз: tengrinews.kz