Атырау, 28 қараша 05:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Джон Керри Қазақстанға келеді

1 807 просмотра

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 28 қазан мен 3 қараша аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстанға сапармен келіп қайтпақшы, деп хабарлады Штаттардың мемдепартаментінен.

«Бішкек, Самарқанд, Астана, Душанбе мен Ашхабадқа жасаған сапарында Дж. Керри үкімет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізбекші. Бұл мемхатшының Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары болады», - делінген мемдепартаменттің хабарында.

Хабарда айтылғандай, Бішкекте мемхатшы американдық университеттің Орталық Азиядағы жаңа компусының ашылуына қатысады.

Самарқандта Дж. Керри бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің бірлескен отырысына қатысады. Оған қатысушылар аймақтық және жаһандық мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талқылайды.

Астанада АҚШ мемхатшысы Қазақстан-АҚШ стратегиялық әріптестік комиссиясының IV отырысына қатысып, сондай-ақ Nazarbayev University-де жаһандық проблемаларды шешудегі Орталық Азияның рөлі тақырыбында дәріс оқиды.

Дереккөз: ҚазТАГ

28 қазан 2015, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.