Атырау, 28 қараша 05:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Астана мен Токио ұдайы сенімді серіктес болып келеді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті

1 531 просмотра

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Астана мен Токио ұдайы сенімді серіктес болып келеді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

«Қазақстан мен Жапония – бір-бірінен алыс жатқан, бірақ жақын дос елдер. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Сіздің елмен жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту біздің сыртқы саясатымыздың маңызды басымдығының бірі болып саналады. Астана мен Токио ұдайы сенімді серіктес болып келеді. Біз әрдайым бір-бірімізді қолдаймыз, ядролық қарусыздану және таратпау, сондай-ақ атом энергетикасын бейбіт пайдалану ісінде одақтаспыз», - деді Н.Назарбаев сейсенбіде Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен келіссөздер барысында.

Оның айтуынша, 2013-2014 жылдарда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллар болды. Ал 2015 жылдың бірінші жарысында бұл көрсеткіш 600 миллион долларға жетті. 10 жылда Қазақстанға келген жапон инвестициясының көлемі шамамен 5 миллиард доллардай болады. Сонымен қатар, Жапония ресми көмек ретінде Қазақстанға 1,2 миллиард доллар берді. Елімізде бірқатар ірі компаниялар белсене жұмыс істеуде. Бүгінде 50 бірлескен кәсіпорын тіркелген, құны 700 миллион доллардан асатын 6 бірлескен жоба іске асырылды.

Өз кезегінде С.Абэ екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың құқықтық базасын нығайту, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ірі инвестициялық бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін, жалпы ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер аясын едәуір кеңейтетінін атап өтті.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қазан 2015, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.