АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына 11 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінда өткен брифинг барысында ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Геология жəне жер қойнауын пайдалау комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мəлім етті.
"2015-2019 жылдарға арналған гео-барлау жұмыстарының бағдарламасы аясында биыл 42 жерде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысандардың жалпы көлемі 135 мың шаршы метрді құраса, осы жерлердегі барлау жұмыстарына бөлінген қаржы 6 млрд теңгені құрайды. Жалпы, 2015 жылы геологиялық барлау жұмыстарына 11 млрд. теңге қарастырылған", - деп хабарлады Б.Нұрабаева.
Комитет төрағасы хабарлағандай, осы 42 участок конкурста сатуға шығарылады. Оның айтуынша, барлау жұмыстары 2016 жылы аяқталады.
Дереккөз: inform.kz