Атырау, 23 желтоқсан 00:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісі Қазақстанда сезілді

2 609 рет қаралды

Магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі Алматыдан 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 26 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 15,2, тереңдігі - 150 шақырым. Айта кетейік, Шымкентте - 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісіАлматыдан 126 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды. Жерасты дүмпулері 19 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 10.21-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Ыстықкөл жағалауынан оңтүстік-батысқа жақын жерде болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,2, тереңдігі - 15 шақырым.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қазан 2015, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.