Атырау, 28 қараша 05:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Журналист Жұманованың ісі бойынша ұсталған адам оны тонамақшы болғанын айтты

1 422 просмотра

Ер адамның айтуынша, қылмысты әйел адамды тонау мақсатында жасаған.

АСТАНА, 26 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Журналист Бота Жұманованың ісі бойынша ұсталған адам оны тонамақшы болғанын айтты деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметінен.

Алматыда журналист Бота Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған еді. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады.

Шабуыл жасаған адамның Алматы облысы Жаркент қаласының 1993 жылғы тумасы екені анықталды. ҚР ҚПК 128 бабы аясында ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Ер адамның айтуынша, қылмысты әйел адамды тонау мақсатында жасаған. Алайда ұсталған адам қыздың айғайына құлақ түрген көршілердің кесірінен тонай алмағанын айтты", — делінген хабарламада.

ІІД сендіргендей, ұсталғанның айтқандары сотқа дейінгі тергеу аясында тексеріледі. Сонымен қатар, полицейлер қылмыстың басқа да мақсаттарын анықтамақ.

Дереккөз: newskaz.kz Фотоколлаж: tengrinews.kz

26 қазан 2015, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.