Атырау, 8 қазан 07:49
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Назарбаев ресми сапармен Катар мемлекетіне барды

1 799 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Катар Мемлекетіне барды, бүгін онда Елбасы Катар басшылығымен, сондай-ақ осы елдің іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

Ақорданың баспасөз қызметі Facebook парақшасына Мемлекет басшысының сапарына байланысты Қазақстан мен Катардың екіжақты қарым-қатынастары тарихынан алты маңызды оқиғаны жариялады:

1. 1993 жылғы 1 шілдеде Қазақстан мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

2. Нұрсұлтан Назарбаевтың Катарға алғашқы сапары 1998 жылғы мамырда орын алды.

3. Катар әмірі шейх Хамада бен Халиф әл Тани бір жылдан соң Қазақстанға сапар жасады.

4. Қазақстан елордасының сол жағалауына көрік берген «Нұр Астана» ислам мәдени орталығы Катар мемлекеті бөлген грант қаражатына да салынды.

5. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Катардың ең жоғары наградасы - Тәуелсіздік орденінің иегері.

6. Катардың «Әл жазира» телеарнасы Орталық Азиядағы өзінің алғашқы бюросын Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматыда ашты.

Дереккөз: inform.kz

26 қазан 2015, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.