Атырау, 28 қараша 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Таразда өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды

3 437 просмотра

Полицейлер Таразда Ерлан Бектібаевтың өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсірген бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Today.kz Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен.

"Өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды", - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, 24 қазан күні Тараздың орталық алаңында 20 жастағы Ерлан Бектібаев өзін-өзі өртеу актісін жасаған болатын. Мұның алдында жас жігіт осы оқиғаға оған есірткі салып жіберген-мыс полицейлерді кінәлап, бейнеүндеу жазған. Кейін Бектібаев алған күйіктен ауруханада қайтыс болды. Осы факті бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" және "Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" баптарымен соталды тергеу басталды. Тергеу ҚР Бас прокуратурасының бақылауына алынды.

Ерлан Бектібаев жүгіріп кірген "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалының ғимаратында бұл оқиғаға қатысты түсінік берілді.

Белгілі болғандай, 20 жастағы Бектібаев бұрын денсаулыққа ауыр зиян келтірді және ұрлық жасады деп айыпталған. Алматы облысының Алмалы аудандық соты Бектібаевты төрт жыл бас бостандығын шектеуге үкім шығарған.

Дереккөз/Фотоколлаж: Today.kz

26 қазан 2015, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.