Журналист Бота Жұманованы ұрып-соқты делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, ІІБ қызметкерлері мен Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы, Жаркент қаласының 1993 жылғы тумасын ұстады.
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабының тәртібінде ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қалалық ІІД Анықтау басқармасында тергеу жүріп жатыр. Алдағы уақытта қылмыстың мотиві мен өзге де жағдаяттары анықталады", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Дереккөз: tengrinews.kz