Атырау, 13 қаңтар 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

20 жастағы жігіт Тараздың орталығында өзін-өзі өртеп жіберді

2 554 рет қаралды

20 жастағы жігіт Тараздың орталығында өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 24 қазан күні сағат 10:30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында болған. Күю салдарынан жігіт қалалық ауруханада қайтыс болды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады.

"Осыған байланысты болған мән-жайларды жан-жақты анықтау мақсатында осы факт бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 362-бабы (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Объективтiлiктi қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорына тапсырылды. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бақылауында тұр", - делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz


25 қазан 2015, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.