kapital.kzБұл туралы отандық мұнай және газ тасымалдаушы компанияның өкілі Киевте өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді.
Қазақстандық тарап көк отынды тиімді бағаға сатуға ниетті. Бұл шамамен әр тоннасына 500 АҚШ доллары көлемінде. Ал бүгінде Украинада сұйытылған газдың құны 400 доллардан аспайды. Бірақ жанармай бекеттерінде пропан-бутан қоспасы қымбаттап барады. Айту керек, осыдан 2 жыл бұрын табиғи газдың айтарлықтай көлемі Балтық жағасына, Азов-Қара теңіз бассейніне, оның ішінде Украинаға тасымалданса, биыл қазақстандық отын негізінен Тәжікстан, Ауғанстан және Қытай елдеріне экспортталады. Константин Талыспаев, «Мөлдір Мұнай» ЖШС маркетинг және коммерция жөніндегі директоры -Бүгінде Украина газды тиімді бағамен сатып алуға дайын емес. Сондықтан біз сұйық отынды Тәжікстан, Ауғанстан және Қытайға тасымалдап отырмыз. Әрине, көк отынды Украинаның шығыс шекарасында шамамен 450-500 АҚШ доллары көлемінде сатуға болушы еді. Осындай бағамен сұйытылған газды біз қазір жоғарыда айтқан мемлекеттерге экспортқа жіберудеміз.
Дереккөз: khabar.kz