Атырау, 28 қараша 05:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ХВҚ 2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан ЖІӨ болжамын төмендетті

4 180 просмотра

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан ЖІӨ болжамын сәйкесінше 1,5% және 2,4% дейін төмендетті.

АСТАНА, 23 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан ЖІӨ болжамын сәйкесінше 1,5% және 2,4% дейін төмендетті делінген қордың жарияланған өңірлік экономиканың перспектикалық шолуында.

ХВҚ тамызда Қазақстан экономикасы 2015 жылы 2%-ға, 2016 жылы 3,25%-ға өседі деп болжаған еді. 2014 жылы ел экономикасы 4,3% артты.

"Мұнай бағасының күрт төмендеуі Кавказ эәне Орта Азия, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңірлерінде мұнай экспорттаушы елдердің қазыналық болашағына айтарлықтай әсер етті. Brent мұнайының бір баррелінің бағасы 2015 жылы өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы 110 долларға жуық бағамен салыстырғанда, 53 доллар деңгейінде болжануда", — деп атап көрсетеді ХВҚ жауабында.


Құжатта КОА өңіріндегі елдер арасында мұнай бағасының құлдырауынан Әзірбайжан мен Қазақстан көбірек зардап шегіп отырғаны атап айтылған. "Өзбекстан және Түркіменстан табиғи газды жеткізуге ұзақмерзімді келісім-шарттары есебінен көп проблемаға тап болмайды", — деп атап көрсетеді қор сарапшылары.

Дереккөз: newskaz.kz

23 қазан 2015, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.