Атырау, 8 қазан 07:54
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Алматыда көтерме сауда базары өртеніп жатыр

2 677 просмотра

Алматыда Райымбек батыр даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы көтерме сауда базары өртеніп жатыр, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.

Болжам бойынша, өрт "Жұлдыз" сауда орталығының маңындағы бутиктердің бірінде шыққан. Бутик толықтай жанып кетті. Сонымен қатар, оның маңында тұрған ғимарат бүлінді. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр, полицейлер мен дәрігерлер кезекшілік ету үстінде. Зардап шеккендер жайлы мәлімет әзірше жоқ.

Розыбакиев көшесінің бойында Төле би көшесі мен Райымбек батыр даңғылының арасындағы бөлігі қоршауға алынған. Өртсөндірушілер өртенген ғимаратты жинап жатыр. Өрт шалған аумақ анықталу үстінде.

Қалалық ТЖД өкілдерінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 06.51-де келген. Өрт 07.40-та ауыздықталды.

Алматы қалалық ІІД өкілдерінің мәліметінше, "101" пультіне базардағы бірнеше контейнердің өртенгені жайлы мәлімет келіп түскен. "Жол-патрульдік полиция экипаждары оқиға орнын қоршауға алып, көлік құралдарын қауіпсіз жерге шығару жұмыстарымен айналысты. Сонымен бірге, өрт сөндіру техникасының өрт ошағына кедергісіз өтуіне мүмкіндік жасады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген таралған хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 қазан 2015, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.