Атырау, 28 қараша 05:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресейлік құқық қорғаушылар Олландтан Әбілязовты қорғап қалуды сұрады

2 102 просмотра

Ресейлік құқыққорғаушылар Франция президенті Франсуа Олландты қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әбілязовты экстрадициялауға жол бермеуге шақырды.

Мәскеудегі Хельсинки тобының жетекшісі Людмила Алексеева мен «Гражданское содействие» комитетінің төрағасы және «За права человека» қозғалысының лидері Лев Пономаревтің бірлескен мәлімдемесінде Ресейде Әбілязовқа объективті тергеу мен соттың болмайтынын айтқан. Құқыққорғаушылар оған Ресей түрмесінде қауіп төнеді деп санайды.

Олар Әбілязовты Ресейге экстрадициялау туралы Франция премьер-министрі Мануэль Вальстың шешімінің саяси астары бар деп атап, оны бұзуға шақырды.

“Ресей билігінің уәдесіне қармастан Әбілязовты Қазақстанға жөнелтудің немесе оны Қазақстанның тергеу изоляторларына уақытша жіберудің жолдары табылады. Біз Франция мемлекеттік кеңесінің 2015 жылдың 17 қыркүйегіндегі Мұхтар Әбілязовты Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы адам құқығын сақтаудың базалық негіздеріне сай келмейтін шешімін бұзуға шақырамыз" дейді құқыққорғаушылар.

21 қазанда Human Rights Foundation (HRF) құқық қорғау ұйымының төрағасы Гарри Каспаров та Әбілязовты экстрадициялауды тоқтату туралы өтініш жасады.

Мұхтар Әбілязов 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресейдің қаржылық алаяқтық туралы айыптауы негізінде қамауда отыр. Қазақстан азаматтарын экстрадициялау туралы Астана мен Париждің арасында келісім жоқ.

Әбілязовты Ресейге экстрадициялау туралы жарлыққа Франция премьер-министрі Мануэль Вальс 17 қыркүйекте қол қойған. Қазақстанда Әбілязовты БТА Банкінің алты миллиард доллар ақшасын жымқырды деп айыптайды. Мұхтар Әбілязовтың өзі тағылған айыптардың саяси негізі бар деп санайды.

Дереккөз: nur.kz

22 қазан 2015, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.