Атырау, 28 қараша 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанда қайырымдылық саласындағы нысаналы капитал институты енгізіледі - Сенат

1 468 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қайырымдылық туралы» ҚР Заңы қабылданды.Құжатқа Мәжілістің бірқатар депутаттары бастамашылық жасаған.

Бұл ретте депутаттар қолданыстағы заңнамада қайырымдылықтың, оны жүзеге асырудың бүгінгі заманға сай мүмкіндіктерді ынталандыру мәселесін жеткілікті реттей алмай отырғанын алға тартады. Соның ішінде депутаттар бірлесіп әлеуметтік, экономикалық және құқықтық саясаттың қуатты қабатын құрайтын қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызметтің құқықтық ерекшеліктері жоқ екенін айтқан болатын. Осыған орай, заң жобасымен әлеуметтік өмірдің түрлі салаларындағы филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызметті жүзеге асыру қатынастарын құқықтық реттеу заң деңгейінде қамтылады. Еліміздің аумағында, одан тысқары жерлерде осындай қызметке қатысушыларды үйлестіру шаралары қарастырылады. Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, «қайырымдылық» дегеннің өзі қайырымдылық көмек пен ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, ерікті, өтеусіз немесе жеңілдік шарттардағы филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет түрінде жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет ретінде айқындалады.

«Заң жобасының басты жаңалығының бірі осы салада нысаналы капитал (эндаумент) институтын енгізу болып табылады. Ол іс жүзінде әлемнің көптеген елдерінде қайырымдылық ұйымдарында қайырымдылық жинақтарын құру үшін қолданылады», делінген құжаттың қорытындысында.

Тұтастай алғанда, заң жобасы еліміздегі қайырымдылық қызметке мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге дайын тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталады.

Дереккөз/фото: inform.kz

22 қазан 2015, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.