Атырау, 28 қараша 05:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ақтөбе облысы әкімдігінде туысқандардың қызмет етуі заң бұзушылық болып табылады - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

2 271 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туысы болып табылатын мемлекеттік қызметшінің тікелей бағынышында жұмыс істей алмайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов осылай мәлім етті.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда және аталған саладағы қолданыстағы заңнамада мүдделер шиеленісі институты қарастырылған. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туысы болып табылатын мемлекеттік қызметшінің тікелей бағынышында жұмыс істей алмайды. Бұл заңнаманың жалпы нормалары және олар қатаң сақталуы керек», - деді С.Ахметжанов.

Бұдан бұрын «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысында Ақтөбе облысы әкімдігіндегі туыстық фактілері жайында айтылған болатын.

Белгілі болғандай, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова өңірдегі білім және әлеуметтік мәселелерге жауап береді. Оның ұлы білім беру басқармасында басшылық қызметте болса, ал келіні облыстағы жастар істері жөніндегі басқармада лауазымды қызметте екен.

Дереккөз/фото: inform.kz

22 қазан 2015, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.