Риддер қалалық соты «сепаратизм» бабымен айыптаған Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғыны Евгений Сычевке қатысты сот тыңдауы 22 қазанға белгіленгенін хабарлады.
Жергілікті баспасөздің мәліметіне сәйкес 26 жастағы Сычев ресейлік «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Подслушено в Риддере» парақшасының әкімшілерінің бірі болған.
Сычевке айып қоғамдық парақшада «Риддер қаласында сайлау болғанын елестетейік» тақырыбымен пайдаланушыларға Ресей құрамына кіруге «ие» немесе «қарсы» дауыс беруге шақырған хабарлама пайда болған соң тағылған.
“Аталмыш дауыс беру жария етуге ұсынылған болатын. Мен топтың модераторы ретінде оған мән бермей жариялауға жіберіп қойдым. Бұл дауыс беруді құрған мен емес, шағым түскеннен кейін бірден дауыс беруді өшіріп тастадым", – деген Игорь Сычевтің сөздерін “ВКонтакте" желісінің “Сычев кінәлі емес" деген тобы жария етті деп хабарлайды tengrinews.kz.
Риддер қалалық сайты Сычевтің «Сепаратистік қызмет» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуін мамыр айында облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастаған.
Дереккөз: nur.kz