Атырау, 23 желтоқсан 02:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтауда қызды қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

3 429 рет қаралды

18 қазанда Ақтаудың №14 ықшамдауданында "Мечта" дүкенінің маңында болған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Daewoo Nexia маркалы автомобильдің жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") қылмыстық іс қозғалды.

"Іс қайта квалификациялануы мүмкін, бұл зардап шеккен қыздың жарақатының деңгейіне байланысты", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев. Ал анықтау бөліміндегілердің мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның арқасында зардап шеккен адамның жарақат деңгейі анықталады. Ал дәрігерлер зардап шеккен қыздың жағдайына қатысты түсінік беруден бас тартты. Айта кетейік, осыған дейін бұлжол-көлік оқиғасының видеосы жария болған еді.


Дереккөз: tengrinews.kz

20 қазан 2015, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.