Атырау, 28 қараша 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанның Мәдениет министрі атышулы ресейлік фильмнің ролигіне қатысты мәселені реттеуге сөз берді

1 437 просмотра

Қазақстанның Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыны Ресейдің бір бөлігі етіп көрсеткен атышулы ресейлік фильмнің ролигіне қатысты мәселеге түсініктеме берді.

Бұл туралы “Алматы" арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ресейлік «Голоса большой страны» атты фильмнің тизер-трейлерінде біздің мегаполис Ресейдің бір бөлігі ретінде көрсетілген. Алматымен бірге Тбилиси, Ереван мен Минск қалалары да аталған. Мәдениет және спорт министрі бұл роликті әзірге көрмесе де өз пікірін білдіріп үлгерді.

«Бұл фильм туралы алғаш рет сіздерден естіп отырмын. Мұны ешкім жай қалдыра салмайды. Егер мұндай жағдай болып жатса біздің Сыртқы істер министрлігі міндетті түрде қарсылық нотасын Ресейге жолдайтынын сіздер жақсы білесіздер», – деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Фильмді түсірген – режиссер әрі Comedy Club-тың экс-резиденті Таир Мамедов. Туынды ел назарына келесі жылдың басында шығатын болады. Трейлер кей қазақстандық желі пайдаланушыларының ренішін тудырған. Олар халық достастығын негізге алған болуы мүмкін фильм авторының ойын тікелей қабылдаған.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік фильмнің тизер-трейлері көпшіліктің қарсылығын тудырғанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: nur.kz

20 қазан 2015, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.