Атырау, 18 мамыр 21:52
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Астана» клубы «Атлетикоға» қарсы екінші құраммен ойнайды

1 313 просмотра

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Атлетикоға» қарсы екінші құраммен ойнайды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, Мадридке «Астана» клубының негізгі құрамының алты ойыншысы – Таңат Нөсербаев, Бауыржан Жолшиев, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Дмитрий Шомко және Марин Аничич бармаған.

«Астана» бапкерлері бұл футболшыларды шаршатпай, Қазақстан премьер-лигасының қорытынды матчтарына тың күшпен шығуын ойластырған болар, деп топшылап отыр испаниялық басылымдар.

Естеріңізге саламыз, «Атлетико» (Мадрид) – «Астана» арасындағы матч қазанның 21-інен 22-іне қараған түні сағат 20:45-те өтеді. Ал Қазақстан уақытымен ойын 22 қазан күні түнгі 00:45-те басталады.

Дереккөз: bnews.kz

20 қазан 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.