Қазақстан президенті протоколының бұрынғы басшысы Румиль Тауфиков. Сурет Қазақстан президентінің ресми сайтынан алынды.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Румиль Тауфиков президент протоколы бастығы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан президентінің ресми сайты хабарлады.
Қазақстан президенті протоколы бастығы міндеті уақытша Тимур Пірімбетовкежүктелген.
Президенттің ресми сайтында протокол бастығы міндеттері ретінде "Қазақстан президенті мен бірінші ханымының шет елдерге сапарларын және еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарларын, сондай-ақ басқа да мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды дайындау және өткізу;
президент пен бірінші ханым қатысатын іс-шараларды дайындау және өткізуде протоколдық-ұйымдастырушылық мәселелерін үйлестіру" және т.б. жұмыстар көрсетілген.
Дереккөз: azattyq.org