Атырау, 28 қараша 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ҚФФ Қожағапанов "отставкасын" растамады

2 715 просмотра

Қазақстан футбол федерациясы бүгін тараған "ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов отставкаға кетті" деген мәлімдемені теріске шығарды.

Белгісіз біреулер таратқан жалған хабарламада "Қожағапанов қызметтен кету туралы өтінішті өзі жазған. ҚФФ президенті қызметін уақытқа атқаруға федерацияның вице-президенті болған Бағлан Ергешов тағайындалды. Ал жаңа президент сайлауы 18 қазанға белгіленді" деп жазылған.

ҚФФ баспасөз қызметі Азаттыққа бұл хатты таратқан электрондық почта федерацияға тиесілі емес екенін айтты.

Ерлан Қожағапанов "Астана" президенттік спорт клубына басшы болып тағайындалғаннан кейін бірнеше футбол клубының басшылары «Ерлан Қожағапанов «Астана» футбол клубы кіретін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры болғандықтан, оның бұл лауазымда отыруында мүдделер қайшылығы бар» деп мәлімдеген еді. Қыркүйектің басында футбол федерациясына жолдаған хатында Айсұлтан Назарбаев та осы уәжге сүйенген. Әлгі хатта ол футбол саласын басқаратын шенеунік ретінде өз кандидатурасын қарастыруды ұсынған.

Ал 18 қазан күні Алматыда «Қазақстанның футбол трибунасы: әркімге сөз береміз» деген дөңгелек үстел өтіп, онда Айсұлтан Назарбаевтың жақтастары Қожағапановтың қызметінен кетуін талап еткен болатын.

Айсұлтан Назарбаевтың ҚФФ президенті болғысы келетіні туралы толығырақ Азаттықтың "Назарбаевтың жиені ҚФФ-ны басқару ниетін өзгертпеген" мақаласынан оқи аласыз.

Дереккөз: azattyq.org

20 қазан 2015, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.