Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан дамушы елдердегі Жаһандық аштық индексінде 104 елдің ішінде 16-шы орын алды, деп мәлім етті азық-түлік саясатын халықаралық зерттеу институтынан.
Жарияланған зерттеулер бойынша, Қазақстанда аштық деңгейі -8. Хабарда айтылғандай, 1995 жылы Қазақстанда аштық деңгейі - 15,4 болса, 2000-ші жылы – 10,7, 2005 жылы - 12,3 болған екен. Бұл ретте мамандардың бағалауынша, 2014-2016 жылы Қазақстан халқының жеткілікті тамақтана алмай жүрген пайызы - 2,5%.
Ресей 6,6 аштық деңгейімен 11-ші орында, Қырғызстан – 27-ші (9,4), Әзербайжан 30-шы (10,0), Армения – 36-шы (11,2), Түркменстан 40-шы (12,9), Өзбекстан – 43-шы (13,3), Тәжікстан -82-ші (30,3) орында. Беларусь пен Украина жалпы индекске кірмей қалды, себебі аштық деңгейі 5-тен төмен бақуатты елдер қатарына кіреді екен.
Индекскі енген елдердің ішінде ең бақуаттылары Кувейт, Сауд Арабиясы, Түркия – сәйкесінше тізімдегі алғашқы үш орынды алып отыр. Тізімнің соңында Замбия, Чад және Орталық Африкалық Республика.
Дереккөз: ҚазТАГ