Атырау, 28 қараша 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанның СІМ-і Түркіменстанның нотасына жауап қайтарды

1 597 просмотра

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия өңіріндегі, оның ішінде Түркіменстандағы жағдай туралы мәлімдемесіне қатысты қарсылық білдірген Түркіменстан Сыртқы істер министрлігіне жауап қайтарды.

Сыртқы саясат ведомствосының құжатында «Қазақстан Басшысының 15 қазандағы мәлімдемесі негізінен әлемдегі және өңірдегі терроризм қатерінің артуына байланысты шынайы алаңдаушылықтан туындағаны» айтылады.

«Ауғанстандағы жағдай, соның ішінде оның Орталық Азия мемлекеттерімен шекаралас аумақтарындағы ахуалы соңғы уақыттары шиеленістердің артуымен сипатталып, қауіпсіздік саласындағы проблемалардың өршуімен ерекшеленетіні құпия емес", — делінген құжатта.

“Бұл белгілі бір деңгейде осы елдегі «Ислам мемлекеті» атанып жүрген террористік ұйым өкілдерінің белсенділік танытуымен де байланысты. Соған орай, біздің мемлекеттеріміздің екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен әрі үйлесімді әрекеттері ортақ қауіпсіздігімізді тиімді әрі дер кезінде қорғауға септігін тигізеді", — деп атап көрсетілген ресми Астана мәлімдемесінде.

Бұдан бөлек, нотада Қазақстанның 1993 жылдың 19 мамырында Ашхабадта қол қойылған Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық туралы Келісім аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екені айтылады.

Сонымен бірге, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларының халықаралық терроризммен күрес жөніндегі Мәлімдемесі және «2016-2020 жылдарға арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекара маңындағы қауіпсіздіктерін нығайту бойынша ынтымақтастық бағдарламасы туралы» шешімнің қабылдану ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует болып табылатынын атап көрсеткен.

Нотада сондай-ақ, Қазақстанның Түркіменстанмен “тату көршілік пен достық қарым қатынас бағытындағы тұрақты әрі ашық диалогқа әзірлігі" де қуатталады.

Еске сала кетсек, Түркіменстан Назарбаевтың терроризмге қатысты сөзінен соң Қазақстанға наразылық нотасын жолдаған еді.

Дереккөз: nur.kz

19 қазан 2015, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.