Атырау, 28 қараша 03:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Семейде белгілі хоккейшінің әйелін өлтірген күдіктілер ұсталды

1 939 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицейлер «Торпедоның» белгілі хоккейшісі Евгений Фадеевтің жұбайы Мария Фадееваны өлтірген басты күдіктілерді тұтқындады, деп хабарлады YK-news.kz.

Еске салсақ, 14 қазанда Мария Фадееваның Славский атындағы жағалауда орналасқан №64/1 элиталы үйдегі пәтерінде өлі денесі табылған болатын. Нұсқалардың бірі бойынша, әйелді үйді тонау үшін өлтірген.

«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаев. - Біздің қызметкерлер қылмыс жасаған күдіктілердің ізіне түсіп, оларды қолға түсірді1.

«Бұл қылмыс айтулы қоғамдық резонанс тудырғанын ескеріп, ҚР ІІМ және ШҚО ІІД қызметкерлерінің ішінен жедел тергеу тобы құрылды, - деді арнайы баспасөз конференциясы барысында ШҚО ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сергей Шушеньков. - Тергеу барысын ішкі істер министрі жеке бақылауына алды. 18 қазанда тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін қылмыс ашылды. Қазақстанның екі азаматы ұсталды, олар қазіргі уақытта Өскемен ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды».

«Күдіктілер айғақ беруде және олардың ҚР аумағында басқа да қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы анықталу үстінде. Полицияда олардың осы қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін заттай айғақтар бар. Мария Фадеваның бизнесіне байланысты өлтірілді деген нұсқа расталған жоқ. Күдіктілер Фадеевтер отбасымен таныс емес. Егер күдіктілердің айыбы сотта дәлеледенсе, оларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деді ол.

Полицейлер бой тасалауға тырысқан күдіктілерді Семейден ұстаған.

Дереккөз: inform.kz

19 қазан 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.