Атырау, 28 қараша 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Босқындардың кейпіне енген лаңкестер болуы мүмкін - Назарбаев

2 734 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық терроризм жандануының қаупі туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің жалпы отырысында халықаралық терроризмге қарсы күрес және БҰҰ 70 жылдығына арналған мәлімдемелеріне қол қойылды.

"Террорлық топтардың қимылы жанданғанын, олардың әрекеті орныққан әлемдік қалыпты бұзып жатқанын айту керек. Бұл жерде халықаралық терроризм көптеген елдер мен өңірлердегі жағдайға деструктивтік тұрғыдан ықпал ететінін атап өткен жөн. Зорлық-зомбылықтың ушығуы бейбіт тұрғындардың, әсіресе әйелдер мен балалардың арасындағы құрбандар санын ұлғайтты. Нәтижесінде бұл жағдай Солтүстік Африка және Таяу Шығыстан Еуропаға ағылған қарапайым халықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауқымды мәжбүрлі миграциясын тудырды. Бұл мәселені шешу үшін орасан экономикалық ресурстар қажет болады. Оған қоса, босқын атымен тұрақсыздық ошақтарын қалыптастыруды діттеген террористер жасырынуы мүмкін. Біз, ТМД мемлекеттерінің басшылары бірлесіп қауіпсіздік бойынша тиімді шараларды уақытында қолға алуға тиіспіз. Менің БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен айтқанымдай, Ұйымның келісімімен террорлық ұйымдармен күрестің дүниежүзілік желісін құру қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетейік, бүгін Бурабайда ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесіне сегіз елдің президенті қатысып жатыр: Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев, Әзербайжан Республикасының президенті Әлиев, Армения Республикасының президенті Саргсян, Беларусь Республикасының президенті Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Атамбаев, Ресей Федерациясының президенті Путин, Тәжікстан Республикасының президенті Рахмон, Өзбекстан Республикасының президенті Каримов, Молдова Республикасының премьер-министрі Стрелец, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сатлыков.

Күннің екінші жартысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі өтеді. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей басшылары қатысады.

Дереккөз: engrinews.kz

16 қазан 2015, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.