Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды.
АСТАНА, 16 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Жоғары деңгейдегі отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, Молдова Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрінің орынбасары Андрей Галбур, Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Сатлық Сатлыков, Украинаның Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник, ТМД Атқару комитетінің төрағасы — атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысуда.
Бұрын хабарланғандай, кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде, соның ішінде халықаралық лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру туралы ТМД басшыларының бірлескен үндеуін қабылдау және 2030 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) неігзігі даму бағыттарын бекіту жоспарланған.
Дереккөз: newskaz.kz