Атырау, 28 қараша 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БҰҰ өкілі ҮЕҰ туралы заң жобасына алаңдайды

2 296 просмотра

Image 0БҰҰ-ның бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігі жөніндегі арнайы өкілі Майна Киаи.БҰҰ-ның бейбіт жиындар мен ассоциациялар жөніндегі арнайы өкілі Майна Киаи Қазақстан депутаттарын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) туралы заңға түзетулерді қабылдамауға шақырды.

БҰҰ ресми сайтында хабарланғандай, Майна Киаи заң қабылданса ҮЕҰ тәуелсіздігіне және олардың өмір сүруіне қауіп төнетінін айтқан.

Заң жобасы бойынша, Қазақстанда ҮЕҰ-ға барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардан берілетін қаржыны бөлетін бірыңғай оператор құру қарастырылған. Киаи қаржыны бөлуді бір орталыққа бағындыру үкіметтің азаматтық қоғамды бақылауын күшейтеді деп санайды. Оның пікірінше, қаржы көздеріне қол жетімділік - "ассоциация еркіндігінің маңызды әрі ажырағысыз бөлігі".

Заң жобасы бойынша, үкіметтен грант алатын ҮЕҰ-ға қаржысының 10 пайызға дейінгі мөлшерін ғана әкімшілік шығындарға жұмсауға рұқсат етілмек.

Майна Киаи "экономикалық және демократиялық өзгерістерге ұмтылған Қазақстан үшін азаматтық қоғамның рөлі маңызды екенін айтып, мұндай заңдар қабылдаған өзге елдерде үкіметтік емес ұйымдардың өмір сүруіне қауіп төнген мысалын келтірген.

Қазақстан парламенті сенаты ҮЕҰ туралы заңға түзетулерді 8 қазанда мақұлдап, түпкілікті мақұлдауға мәжіліске жолдаған.

Бұған дейін Қазақстандағы 50-ден астам үкіметтік емес ұйымы заң жобасын "асығыс-үсігіс, атүсті ұарап қабылданған" деп сынап, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолданған. Онда үкіметтік емес ұйымдар президенттен заң жобасына қол қоймауды және оны конституциялық кеңес сараптамасына жіберуді талап еткен.

Дереккөз: azattyq.org

16 қазан 2015, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.