Атырау, 28 қараша 03:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәмбеталин мен Нарымбаев екі айға қамауға алынды

2 110 просмотра

Қоғам белсенділері Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев кепіл арқылы босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шешімді Алматы қалалық Алмалы аудандық соты шығарған.

Хабарламада қалалық ішкі істер департаментінің сотқа Мәмбеталин мен Нарымбаевты соталды тергеу кезеңінде қамауға алу туралы өтінішті бергені айтылады. Қоғам белсенділері ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша, яғни "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни араздық қоздыру" бабы бойынша қылмысты жасады деп күдіктеліп отыр. Соталды тергеу уақытында олар уақытша ұстау изоляторында болады.

Еске сала кетейік, қоғам белсенділері Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев ұлттық араздықты қоздырды деген күдікпен 12 қазанда ұсталған болатын. Полиция өкілдерінің мәліметінше, бұған олардың әлеуметтік желілерде ұлттық араздықты қоздыру, ұлттық намысты және абыройды қорлау белгілері бар мәліметтерді таратты деген мәлімет себеп болған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр."Мәмбеталин мен Нарымбаевтың тұрғылықты мекен-жайында тінту жасалды, заттай айғақтар тәркіленді", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Дереккөз: azattyq.org

15 қазан 2015, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.