Атырау, 19 мамыр 03:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Путин Астанада: Біздің қарым-қатынасымыз тиімді дамып жатыр

1 429 просмотра

Ресей президенті Ақордада Қазақстанмен бірігіп жұмыс істеу жоспарының биылғы желтоқсанның соңына дейін қабылданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аз құраммен әріптестігіміздің бағыты бойынша елеулі тақырыптарында әңгімелестік. Барлық бағытта қарым-қатынасымыз тиімді дамып жатқанын атап өткім келеді, мұнда саясатты да, қауіпсіздік мәселелерін де, ұйымдасқан қылмыспен күресте де, экономика саласын да айтып отырмын. Белгілі бір аздаған статистикалық құлдырауды байқап отырмыз, бірақ физикалық мөлшер бойынша өзгеріссіз. Біз 2013 жылы қабылданып, 2015 жылы аяқталып жатқан екіжақты жоспар аясында жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біздің әріптестеріміз 2016-2018 жылдарға арналған біріккен жоспар туралы айтып отыр. Біз Қазақстандағы серіктестерімізге осы жоспарды жолдадық. Желтоқсанның соңына дейін бекітіледі деп үміттенеміз", - деді Путин Ақордадағы кеңейтілген отырыста.

Путин қиындықтарға қарамастан, инвестицияның артып жатқанын айтты.

"Қазақстан экономикасына құйылатын инвестиция артып келеді, оның сомасы 9 миллиард доллардан асты. Ресей территориясы арқылы қазақстандық мұнай транзитінің негізгі бөлігі сыртқы нарыққа шығады. Бұл Атырау-Самара, Махачкала-Новороссийск және Каспий құбыр желісі арқылы жүреді. Бізде жоғары технологиялар саласында, өнеркәсіп саласында, ауыл шаруашылық және энергетика салаларында үлкен әрі қызықты, біріккен жобалар бар. Біздің қарым-қатынасымыздың мүмкіншілігі мол бағыттары туралы осындай кең құрамда талқылай алатынымызға қуаныштымын", - деді ол.

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға 15 қазанға қараған түні келген еді. Мемлекеттер басшыларының Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығын екіжақты деңгейде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында талқылауы жоспарланған. Сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылатын болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қазан 2015, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.