Атырау, 12 ақпан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Айымбетов ғарышта Арал және Каспий теңіздеріне мониторинг жүргізді

2 271 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ғарышкер Айдын Айымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ғарышқа сапары барысында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары жайында баяндады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз жүктеген міндеттердің орындалуы туралы баяндауға рұқсат етіңіз. Қыркүйектің 2-сі мен 12-сі аралығындағы ғарышқа сапарым барысында Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламалары жүзеге асырылды. Қазғарыштың ғылыми бағдарламасы бойынша Арал және Каспий теңіздеріне мониторинг жүргізілді. Микрогравитация барысында микробөлшектердің физикалық ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізілді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған шаралар отандық ғалымдардың термоядролық энергетика, медицина, нано-технология және тамақ өнеркәсібі салаларындағы зерттеулерінде кәдеге жарайтын болады. «Бұл зерттеулер Қазғарышта, сонымен бірге халықаралық ғарыш ынтымақтастығы аясында одан әрі жалғасын табады», - деді ғарышкер.

Дереккөз: inform.kz

14 қазан 2015, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.