Атырау, 7 мамыр 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Түркиядағы ең беделді спорт басылымы Қазақстан құрамасына алғыс айтты

1 545 просмотра

Түркияның ең беделді Fanatik спорт басылымы Қазақстан құрамасына Латвияны жеңгені үшін алғыс айты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен ойын туралы жаңалық "Рахмет, Қазақстан!" деген атаумен шықты. Автор Юрий Красножан шәкірттерінің жеңісі тек қазақстандықтарды емес, Түркия халқын да түгелдей қуантқанын айтып өткен.

"Қазақстандықтар Ригада өткен ойынның 65-ші минутында есеп ашып, жеңісті сақтап қалды. Осыған байланысты олар бес ұпай иеленіп, кестеде Латвияны артқа тастады. Қазақстан құрамасы Түркияға үлкен сыйлық жасады. Үшінші орын алған үздік командаларды анықтауда УЕФА өз топтарында соңғы болған командалармен ойыннан алған ұпайларын есепке алмайды", - деп жазды басылым.

Еске сала кетейік, Қазақстан-Латвия арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Исламбек Қуат соқты. Түркия өз кезегінде Исландия құрамасын жеңді. Осыған байланысты Түркия өз тобында үшінші орын ала отырып, үздік команда атанды. Сонымен қатар, Францияда өтетін Евро-2016 чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 қазан 2015, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.