Атырау, 28 қараша 03:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қытайдан елімізге 200 келідей заңсыз дәрі-дәрмек өткізбек болған

2 255 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысында орналасқан «Қорғас» шекаралық бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары (қазақ-қытай шекарасы) заңсыз тауар алып өтпек болған үш адамды ұстады.

Бірінші жағдайда, жоғарыда аталған бекеттің шекаралық бақылаушылары Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығынан біздің елімізге келе жатқан 33 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Ол көз қысты, бармақ басты жолмен салмағы 200 килограмдай дәрі-дәрмектерді (Қытайда шығарылған) алып өтуге тырысты.

Екінші жағдайда, шекаралық және кедендік бақылаудан өткен соң Қытай Халық Республикасынан біздің елімізге келе жатқан «Әсем» есімді азаматша ұсталды. Аталған отандасымыз тексеруден өте салысымен «Қазпошта» аксионерлік қоғамының жергілікті бөлімшесіне қарай құстай ұшады. Бұдан кейін ол азаматшаның «Ауди-100» автомашинасын тексерген кезде жарияланбаған 24 дана қорап жүксалғыштан шыға келді. Қораптардың ішіндегісі «HD X tender» теледидарының жабдықтары екен. Аз емес, жалпы саны 506 дана болып шықты.

Үшінші жағдайда да, шекаралық және кедендік бақылаудан өткен соң Қытай Халық Республикасынан біздің елімізге келе жатқан Казақстан азаматы ұсталды. Ол да дәл осындай жолмен «Ауди-100» автомобилімен жарияланбаған бір қорап алып өтпек болған. Қораптан «HD» деп аталатын сыртқы бақылау камералары шықты. Жалпы саны - 16 дана екен.

Жарияланбаған тауарлардың барлығын шекарашылар жергілікті кеден бекетінің қызметкерлеріне акті бойынша тапсырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Дереккөз: inform.kz

14 қазан 2015, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.